Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Жарияланған күні:

Терезе
Терезенің қасында отырған бүлдіршін. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте 2020 жылы туған бала төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті. Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқыс жағдай туралы ақпарат Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 3 қыркүйек сағат 18:45-те Әл-Фараби ауданы, Володарский көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 2020 жылы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

"Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа деп бағаланып отыр", - делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ата-аналардан қайғылы жағдайды болдырмас үшін кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында екі жасар баланың терезеден құлап кеткенін хабарлаған едік. Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауылында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2156880-shymkentte-tort-zhasar-bala-tortinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/