"Абайсызда өз-өзін атып жіберген": Сарыөзек гарнизонында әскери қызметші оқ жарақатын алды
Жарияланған күні:
Сарыөзек гарнизонында әскери қызметші абайсызда өз-өзін атып жіберген. Бұл ақпаратты Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Kazinform.
Басылымның ведомство өкілдеріне сілтеме жасап мәлімдеуінше, әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамау салдарынан оқ жарақатын алған.
"2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды.
Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Хабарламадан қазір әскери қызметшінің денсаулығы бірқалыпты екені мәлім болды.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды",- дейді Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2157300-abaisyzda-oz-ozin-atyp-zhibergen-saryozek-garnizonynda-askeri-qyzmetshi-oq-zharaqatyn-aldy/