Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір күдікті ұсталды: полиция Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандар арасындағы төбелестен кейін 9-сынып оқушысы қайтыс болған еді. Бүгін облыстық полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, факті бойынша бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Осы жағдайға қатысушылардың бәрі анықталған. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс полиция департаментінің өндірісіне қабылданды. Процессуалдық прокурор тағайындалды.

"Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеу шаралары жүргізілуде. Үш кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

​Әлеуметтік мәртебесіне, туыстық байланыстарына қарамастан, барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылады. ​Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Тергеу барысы полиция департаменті бастығының бақылауында", - деді Байжанов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Темір ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін 9-сынып оқушысы қаза тапты. Қайғылы оқиға 2 қыркүйек түнде тіркелген. Аудан әкімдігінің өкілдері жанжал неден шыққаны әзірге белгісіз екенін айтты.

4 қыркүйекте Бас прокурор Берік Асылов осы жайтқа қатысты істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге мектеп директоры қызметінен босатылғаны белгілі болды. Облыстың бас прокуроры күдікті ретінде кәмелетке толмаған екі бала ұсталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2157787-aqtobe-oblysynda-tobelesten-keiin-oqushy-qaza-tapty-ush-kudikti-ustaldy/