Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргінші жолағы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Желіде 5 қыркүйекте Алматыда жедел жәрдем жаяу жүргіншілерді қағып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы ZHEST_KZ арнасы бейнебақылау камерасына түсірілген видеоны жариялады. Видеода қызыл түске өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігінің "зебра" өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан әйелдерді қалай қағып кеткені көрсетілген.

Куәгерлердің айтуынша, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтіп бара жатқан әйелдерді қағып кеткен.

"Оқиғаны бейнетіркегіш түсіріп алып, апат сәтін анық көруге мүмкіндік берді", - деп жазады жазба авторлары.

Алматы полициясы KAZ.NUR.KZ тілшісі болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Бүгін сағат 16:50-де Алматы қаласының Алмалы ауданында жедел жәрдем жүргізушісі Тілендиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына солға бұрылған кезде жаяу жүргінші – 1947 жылы туған әйелді қағып кетті. Зардап шегуші қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді.

Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2157847-almatyda-bagdarshamnyng-qyzyl-tusine-otip-bara-zhatqan-zhedel-zhardem-koligi-zhaiau-zhurginshilerdi-qagyp-ketti-video/