Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңында қоқыс таситын көлік жарылды (видео)

Жарияланған күні:

Өртеніп жатқан көлік
Өртеніп жатқан көлік. Видеодан скриншот: lada.kz

Ақтау маңында қоқыс таситын көлік жарылып, дүкен ғимаратының әйнегі шағылды. Оқиғаның егжей-тегжейі Маңғыстау облысы ТЖМ баспасөз қызметінде айтылды, деп хабарлайды Lada.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 7 қыркүйек күні түстен кейін сағат 12.01-де Мұнайлы ауданындағы тасжолда мейрамханалардың бірінің маңында қоқыс таситын көліктің өртенгені туралы ақпарат келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 12.09-да жеткен. Олар келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған.

Салдарынан жарылыс толқынынан әйнегі сынып, 20 метр жерде орналасқан азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қосымша көмек қажет болмады. Көлік толығымен жанып кетті.

Өрт сағат 12.19-да сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2158545-aqtau-mangynda-qoqys-tasityn-kolik-zharyldy-video/