Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйнекті сындырған": желіде автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосы тарады

Жарияланған күні:

Автобустағы жанжал
Автобустағы жанжал. Видеодан кадр: t.me/almatynews_kaz

Желіде автобус жүргізушісі мен жолаушының арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Аталған жайтқа қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанжалдың видеосы Telegram-дағы Almaty News арнасында жарияланды.

"Жолаушылардың бірі автобус жүргізушісіне қоқан-лоқы көрсетті. Артынша ол агрессивті әрекетке көшіп, көлік құралының әйнегін сындырды", - делінген видео астындағы жазбада.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Аталған факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Құқықбұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары бойынша шешім сотқа жолданады", - деді полицияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2159035-ainekti-syndyrgan-zhelide-avtobus-zhurgizushisi-men-zholaushy-arasyndagy-zhanzhaldyng-videosy-tarady/