Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғынан сүйреген": Шымкентте балаларды ұрып-соққан балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Балабақшаның іші
Балабақшаның іші. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде балабақшадағы тәрбиешінің екі бүлдіршінге қол көтергені бейнеленген видео тарады. Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Egov.Press арнасында балаларды ұрып-соғу әрекеті бейнеленген видео жарияланды. Болжам бойынша, видео балалар ұйықтап жатқан уақытта түсірілген.

Видеода әйелдің екі балаға қол көтеріп қана қоймай, олардың біреуін аяғынан ұстап бірнеше метрге еден бойымен сүйреп жүргенін көруге болады.

Видеоның сипаттамасында оқиға Шымкенттегі жекеменшік балабақшалардың бірінде болғаны айтылған.

Бұл жағдайға қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп атап өтті департамент өкілі.

Оқиға туралы қалалық білім бөлімі пікір білдірді.

"Оқиға туралы ақпарат белгілі болғаннан кейін мұғалім жұмыстан босатылды, қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Бұған дейін Қарағандыда баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірген балабақша тәрбиешісі 2 тәулікке қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2159187-aiagynan-suiregen-shymkentte-balalardy-uryp-soqqan-balabaqsha-tarbieshisine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/