Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда түнде үш көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті (фото)

Жарияланған күні:

Қабырғаға соғылған көлік
Жол апаты. Фото: Zakon.kz

Алматыда кеше түнде үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, бір көлік аударылып қалды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Алматының Әуезов ауданында болған.

Трудовая көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан Hyundai автокөлігінің жүргізушісі "Жол бер" белгісін елемей, қосалқы жолдан негізгіге өтіп кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан.

Ол Яссауи көшесімен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Содан кейін Hyundai оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Hyundai бүйіріне аударылып кеткен. Апат салдарынан төрт адам зардап шекті.

Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.

Еске салсақ, Қарағандыда адам өліміне әкеп соққан жол апатынан кейін танымал кәсіпкердің қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2159955-almatyda-tunde-ush-kolik-soqtygysyp-tort-adam-zardap-shekti-foto/