Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жекеменшік үйден шыққан өрттен бір жасар бала көз жұмды

Жарияланған күні:

Өртенген үй
Өртенген үй. Скриншот: Instagram.com/almaty_tjd

Алматы қаласының Жетісу ауданындағы жекеменшік үйде өрт кезінде 2023 жылы туған бала көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 12 қыркүйекте сағат 23:32-де Жетісу ауданында, Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үйде шыққан.

"ТЖД күштері мен құралдары автоматты түрде жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Жетісу ауданына, Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранғаны туралы хабарлама бойынша жіберілді.

Өртсөндірушілер оқиға орнына 4 (23:36) минутта жеткен сәтте, өрт ашық жалынмен ағаштан салынған жеке үйдің шатырын, шаруашылық ғимаратының және уақытша салынған үй жайдың 200 шаршы метрдегі отқа оранғанын анықтады, сондай ақ құрылымдардың опырылып құлауы туралы баяндады", - делінген ТЖД хабарында.

Өрт жоғары өрт жүктемесінің себебінен тез таралған. Атап айтқанда, үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) жасалған. Құтқарушылар өрт орнынан 1 газ баллонын эвакуацияланған.

Өртті барлау және сөндіру барысында өртсөндірушілер 2 адамды құтқарып алды. Олар 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел. Олар №4 қалалық ауруханаға ессіз жағдайда жеткізілді.

"Өкінішке қарай, өртсөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2160987-almatyda-zhekemenshik-uiden-shyqqan-ortten-bir-zhasar-bala-koz-zhumdy/