Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда газ баллоны жарылып, салдарынан екі адам жансақтау бөліміне түсті

Жарияланған күні:

Газ баллоны
Газ баллоны. Көрнекі фото: pixabay.com

Жұма күні, 13 қыркүйекте Қарағандыда түстен кейін жеке тұрғын үйдің гаражында газ жарылды. Салдарынан үш адам зардап шекті, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды eKaraganda.kz.

Басылымға бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, 14:37-де Природная көшесінің бойында газ құрылғысын толтырып жатқан кезде газ жарылған.

Үй тұрғындары газгольдерді толтыру үшін газ қызметін шақырған, алайда жұмыс барысында бірдеңе дұрыс болмағаны айтылған. Нақты не болғаны әзірге белгісіз. Қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"ТЖД мәліметі бойынша, жеке тұрғын үйдің гаражында газ жабдықтарын толтыру кезінде газ-ауа қоспасының тарсылы болды", - дейді тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Тамерлан Әбілқасымов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайын айтты.

"Екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды, үшінші науқас комбустиология бөлімшесіне жатқызылды, жағдайы орташа ауыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2161245-qaragandyda-gaz-tarsyly-saldarynan-eki-adam-zhansaqtau-bolimine-tusti/