Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да танысын күректің сабы тәріздес таяқпен ұрған азамат жазаланды

Жарияланған күні:

Таяқ ұстаған ер адам
Таяқ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: Vasilisa_k/Getty Images

ШҚО-да танысын күректің сабы тәріздес таяқпен ұрған азаматқа қатысты іс қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шығыс Қазақстан соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат Шығыс Қазақстан соттарының Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Онда Қатонқарағай аудандық сотында ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қаралғаны айтылған.

"Сотта анықталғаны, ер адам 2024 жылы 6 мамырда бұзақылық ниетпен бейсбол таяғы спорттық құралына ұқсас нақтыланбаған құралмен танысына бірнеше дене жарақатын келтірген. Бұзақылық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген", - делінген сот хабарламасында.

Сот мәліметінше, азамат кінәсін жартылай мойындап, қолында бейсбол таяғы болмағанын, танысын күректің сабы тәріздес таяқпен ұрғанын айтқан. Ал қылмыс ауырлығы орта дәрежедегі қылмысқа жатады және үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануға әкеледі.

Сотталушының жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған. Осылайша, сот жасалған іс әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты мен мазмұнын ескере келе, сотталушыны қоғамнан оқшауламай түзеу мүмкін деп тапқан.

Сот үкімімен ер адам 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, бүкіл мерзімге пробациялық бақылау орнатылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2161431-shqo-da-tanysyn-kurekting-saby-tarizdes-taiaqpen-urgan-azamat-zhazalandy/