Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинскіде 12 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетті

Жарияланған күні:

терезе
Терезе. Көрнекі фото: Gettty Images/ Andreas Rentz / Staff

Щучинскіде 12 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетті. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бурабай аудандық полиция бөлімшесі аталған жайттың 14 қыркүйек күні Щучинск қаласында болғанын растады. Алдын ала қыздың бесінші қабаттағы өз пәтерінен құлағаны анықталды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Қазір қыздың ауруханада жатқаны да айтылған.

Еске салайық, қыркүйек айының басында Көкшетауда алты айлық қыз терезеден құлап, қайтыс болған еді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ал оған дейін Шымкентте 2020 жылы туған бала төртінгі қабаттан құлап кеткен болатын. Ол да ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2161486-shuchinskide-12-zhastagy-qyz-besinshi-qabattan-qulap-ketti/