Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда әйел мен бала мінген аттракцион кабинасы құлап кетті

Жарияланған күні:

Аттракцион. Көрнекі фото
Аттракцион. Көрнекі фото: Pixabay.com

Кеше, 15 қыркүйекте Қарағандыда орталық саябақта "Тікұшақ" деп аталатын балалар аттракционының бірінде әйел адам мен бала отырған кабина құлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды саябақтары басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, аттракцион балаларға арналған. Төтенше жағдай кезінде кабинада екі адам болды әйел мен бала. Оларды дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберілген.

"Оларды дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберілді. Бұл аттракцион жеке тұлғаға тиесілі. Аттракцион биыл маусым басталғанға дейін, мамырда техникалық сараптамадан өткен. Иесінде пайдалануға қажетті барлық құжат бар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр",- деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада адамдар мінген аттракциондардың бірі биікте тұрып қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2161665-qaragandyda-aiel-men-bala-attraktsionnan-qulap-ketti/