Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екеуі комада: Жамбыл облысында төрт жасөспірім көлікпен аударылды

Жарияланған күні:

жол апаты
Апат. Фото: КТК арнасының видеосынан кадр

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, төрт бала ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ktk.kz арнасының сайты.

Куәгерлердің айтуынша, көлікті 17 жастағы жасөспірім жүргізген. Бозбалалардың бірі әкесіне тиесілі "Тойота" көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Сөйтіп, Тараз - Жаңатас бағытында қатты жылдамдықпен жүйткіген көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған.

Таңғы төрт шамасында болған апаттан төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ота жасау үшін шұғыл түрде 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Енді көлік жүргізу куәлігі болмаған жас баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалмақ, ал дәрігерлер балалардың жағдайы ауыр екенін айтып отыр.

"Аудандық ауруханаға төрт пациент, 2007-2008 жылы туған балалар ауыр жағдайда, бас миының ашық жарақатымен II дәрежелі комамен түсті. Қазір екеуі де реанимация бөлімінде. Қалған екеуінің жағдайы мұқият бақылауда", - деді Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айнұр Кәлікова.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2162073-ekeui-komada-zhambyl-oblysynda-tort-zhasospirim-kolikpen-audaryldy/