Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеген ауданында құдықтан үш адамның денесі табылды

Жарияланған күні:

Қызмет барысындағы полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Кеген ауданында құдыққа түскен үш адам көз жұмды. Олардың денесі мәйітханаға жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеген ауданында болған оқыс оқиға туралы журналист Диас Нұрақын Facebook желісінде жазды.

"Үш адам ашық жатқан құдыққа құлап көз жұмды. Арасында 15 жастағы бала да бар", - делінген жазбада.

Бұған қатысты Алматы облыстық полиция департаменті өкілі түсінік берді.

"Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді облыстық полиция департаментінің өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2162155-kegen-audanynda-qudyqtan-ush-adamnyng-denesi-tabyldy/