Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында тасжолда үш көлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Полиция мәліметінше, 16 қыркүйекте сағат 18:30 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 526-километрінде жол-көлік апаты болды.

"Cadillac Escalade маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.

Нәтижесінде Cadillac Escalade көлігі өз жолағына түсіп, "Газель" маркалы автокөлікпен соқтығысқан", - делінген хабарда.

ПД мәліметінше, соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен.

Оқиға орнында 37 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы Cadillac Escalade көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы ретте Жамбыл облысының полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2162310-zhambyl-oblysynda-taszholda-ush-kolik-soqtygysyp-zheti-adam-qaza-tapty/