Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда базар аумағында өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: freepik.com

Алматының Жетісу ауданында базар аумағында өрт шықты. Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қаланың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"18 қыркүйекте сағат 13:26-да Бөкейханов көшесі, 506/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары жоғарылатылған дәрежеде жіберілді. Оқиға орнына сағат 13:35-те жеткенде, екі қабатты асхананың ғимараты мен оған жақын орналасқан қойма ғимаратының 150 шаршы метрден асатын аумағында өрт шыққаны анықталды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ тәртіпті қамтамасыз етіп, аумақты қоршау үшін Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. Өртті сөндіруге және қойма ғимараттарын қорғау үшін су атқыштар қолданылды. Сағат 13:50-де өрт оқшауланған. Тауарлар қоймадан шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2162904-almatyda-bazar-aumagynda-ort-shyqty/