Жетісу облысында жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды
Жарияланған күні:
Баланың мәйіті 18 қыркүйекте Көксу ауылындағы Мұқаншы өзенінің түбінен табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Полиция ата-аналар мен қамқоршыларды балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды мұқият бақылауға шақырады. Олар осы арқылы қайғылы жағдайларды азайтуға болатынын айтты.
"ТЖД қызметкерлеріне, Ұлттық ұланға, жергілікті атқарушы органға, жергілікті тұрғындар мен еріктілерге іздеу барысында көрсеткен баға жетпес көмегі үшін алғыс білдіреміз", - деді облыстың полиция департаменті.
Бұған дейін 7 қыркүйекте жоғалып кеткен баланың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Ол үй ауласында ойнап жүріп, із-түссіз жоғаоып кеткен. Ата-анасы алдымен көршілерінен сұрастырып таппаған соң полицияға хабар берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2162992-zhetisu-oblysynda-zhogalyp-ketken-3-zhasar-balanyng-denesi-tabyldy/