Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Mercedes-Benz Sprinter көлігі өртенді

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда Mercedes-Benz Sprinter маркалы автокөлік өртенді. Бұл туралы қалалық төтенже жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 18 қыркүйек сағат 20:03-те 101 пультіне куәгерден Мыңбаев көшесі мен Гагарин көшелерінің қиылысында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері жіберілген.

"Келген сәтте Mercedes-Benz Sprinter маркалы автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады, өрт 7 шаршы мтер аумақты шарпыған. Сондай-ақ тіреліп тұрған шлагбаум қызудан зақымданған", - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт 20:18-де жойылды. Өрт көршілес түрған автокөлікті шарпып үлермеген.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163109-almatyda-mercedes-benz-sprinter-koligi-ortendi/