Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда колледж студенті мұғалімге пышақ жарақатын салды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Пышақ ұстаған жігіт
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодарда кәмелетке толмаған колледж студенті мұғалімге пышақ жарақатын салды. Бұл туралы облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, оқиға 18 қыркүйекте болған.

"Павлодар колледжінің 2007 жылғы студенті Павлов көшесіндегі үйдің ауласында педагогті жарақаттаған. Колледж әкімшілігі бекітілген алгоритмге сәйкес шараларды ұйымдастырды", - делінген хабарламада.

Мұғалімге медициналық көмек көрсетілген, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

"Болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Жағдайды анықтау үшін студентті полиция қызметкерлері қамауға алды.

Білім басқармасы білім беру ұйымдарының басшыларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс кеңес өткізді", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда оқушы бала екі қатарласына пышақ жарақатын салғанын жазған едік.

Павлодар облысы поиция департаменті өкілдері бұл жайтқа түсінік беріп, екі оқушы жарақат алғанын хабарлады.

"Тексеру барысында қылмыскердің оқиға болған кезде қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа толмағаны анықталды, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалмаған", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Ал, полицейлердің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі баланы тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163201-pavlodarda-kolledzh-studenti-mugalimge-pyshaq-zharaqatyn-saldy/