Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы ауылда газ жарылып, бір адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Газ құбыры
Газ құбыры. Көрнекі фото: pixabay.com

18 қыркүйек Алматы облысы Жалпақсай ауылында газ жарылып, үй қирап, үйдің иесі қаза тапты. Көрші үйлер де зақымданған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарылыс кезінде үйде жүк тасушылар да болған. Олар тоңазытқыш алып келген. Жарылыс толқыны оларды бірнеше метрге лақтырып жібергенімен, денсаулықтары салыстырмалы түрде жақсы екені хабарланды.

"Үйге газды тек 2023 жылы қосқан, ал үй иесі неге екенін білмеймін, әрдайым туыстарына газ жарылысынан қорқатынын айтатын. Дегенмен газ қызметкерлері орнатылған газ жүйесін тексерген еді", - дейді туыстары.

Қайғылы оқиға болған күні зейнеткер немересіне күлімдеп, жақсы көңіл күймен түскен суретін жіберген.

"Көрші үйлердің біреуі қатты зақымданды, ал үш үйдің терезелері сынған", - деп жазды "Sputnik Қазақстан" басылымы Telegram-дағы арнасында.

KAZ.NUR.KZ тілшісі оқиғаға байланысты полиция мен облыстық ТЖД-дан түсініктеме сұрады.

"Оқиға салдарынан үй иесі қайтыс болды. Қайтыс болған адамның денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық төтеншеліктер екі қабатты тұрғын үйдегі жарылыс туралы хабар түсісімен, оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жіберілгенін мәлімдеді.

"Оқиға орнына келгенде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үйдің шатыры ұшып, қабырғалары қирағаны анықталды. Сонымен қатар, №1 пәтердің қожайыны жарылыс кезінде жұмыста болғаны, ал №2 пәтердің алты тұрғыны, оның ішінде екі бала зардап шекпегені анықталды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Қираған үйді тазарту барысында 1957 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды. Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД, ПД, РОСО, БМСП және 104 газ қызметінің күші жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала себеп – тұрғын үйдегі газбен жабдықтау жүйесінде табиғи газдың шығуы", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар тұрғындарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Бұған дейін 13 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы жеке үйдің гаражында газ жарылып, үш адам зардап шеккен. Қазір олардың екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Балқаш маңында газ құю бекетінде жарылыс болып, газ-ауа қоспасы көлікте жарылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163249-almaty-oblysyndagy-auylda-gaz-zharylyp-bir-adam-qaza-tapty/