СҚО-да анасы 11 жастағы қызына пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысында әйел адам 11 жастағы қызына пышақ жарақатын салған деген күдікке ілінді. Қыз бала ауыр халде облыстық ауруханаға жөнелтілген. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқиға жөнінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желіде хабарлады.
"Қыз қазір аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жөнелтілді. Қыздың халі ауыр", - деп жазды Закиева.
Уәкіл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия құрылғанын, қазір сараптама жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Істі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл бақылауына алған.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда оқушы бала екі қатарласына пышақ жарақатын салғанын жазған едік.
Павлодар облысы поиция департаменті өкілдері бұл жайтқа түсінік беріп, екі оқушы жарақат алғанын хабарлады.
"Тексеру барысында қылмыскердің оқиға болған кезде қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа толмағаны анықталды, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалмаған", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Ал, полицейлердің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі баланы тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163265-sqo-da-anasy-ui-tapsyrmasyn-oryndamagan-11-zhastagy-qyzyna-pyshaq-zharaqatyn-salgan/