"Алтыналмас АК" компаниясы өндіріс орнында қайғылы жағдай болғанын хабарлады
Жарияланған күні:
18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы "Алтыналмас АК" акционерлік қоғамының тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жыныстары құлап, қайғылы жағдай болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Компания өкілдерінің мәліметінше, оқиға орнына шұғыл түрде апаттық-құтқару жасағы жіберіліп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталған.
Олардың айтуынша, тау жыныстарының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайларға байланысты құлау аймағына кіру айтарлықтай қиын келтіріп отыр.
Бұған қоса компнаия өкілдері оқиға бойынша тергеу басталып, барлық құрал жер астында қалған жұмыскерді іздеуге жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Оқиғадан кейін жұмыс тобы құрылған, қазір арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Бұған дейін тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс шахтасында төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар газдан уланып қайтыс болған. Оқиға KAZ Minerals компаниясына тиесілі шахтада болған.
Ал шілдеде "Майқайыңалтын" АҚ тау-кен телімі ауданында опырылған жерден құтқарушылардың автобусы табылды. Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайың" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Автобуста 4 адам болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163390-altynalmas-ak-kompaniiasy-ondiris-ornynda-qaigyly-zhagdai-bolganyn-habarlady/