Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кондуктор жүріп бара жатқан автобустан құлап қаза тапты

Жарияланған күні:

қоғамдық көлік
Қоғамдық көлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында кондуктор жылдамдықпен жүріп бара жатқан автобустан құлап, мерт болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы-Көкпек-Көктал" тас жолының бойымен келе жатқан маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап кеткені анықталды, соның салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полицейлер дерек тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

Айта кетейік, бірер күн бүрын Алматы облысының Іле ауданында жантүршігерлік жол апаты салдарынан 18 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлігі ағашқа соғылып қаза тапқан болатын.

Бір ай бұрын Көкшетауда жөндеу жұмыстары кезінде автотиегіш құлап, салдарынан 37 жастағы ер адам мерт болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163534-almaty-oblysynda-konduktor-zhurip-bara-zhatqan-avtobustan-qulap-qaza-tapty/