"Жануарды иттер талаған": ІІМ қазақша дыбысталған даулы видеоға түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде барысқа ұқсайтын жануарға иттердің шабуыл жасағаны түсірілген видеоны тарап жатыр. Қазақша дыбысталған даулы видеоға ІІМ өкілі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Желіде тазыға ұқсас иттердің белгісіз жануарға шабуыл жасағаны көрсетілген видео пайда болды. Атап айтқанда, видеоны журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында жариялады. Жазбада видеоны Талдықорған қаласының тұрғыны TikTok желісінде жариялағанын, бірақ оның қайда және қашан түсірілгені белгісіз екені айтылған.
"Видеода оқиға қазақ тілінде дыбысталған, ондағы иттер "тазы" тұқымына ұқсайды. Сондықтан бұл видео Қазақстанда түсірілген болуы мүмкін", - делінген видео сипаттамада.
KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін ІІМ баспасөз қызметіне хабарласты. Олар видео елімізде түсірілмегенін айтты.
"Бұл жағдай бізде, яғни Қазақстанда болмаған. Видеоның түпнұсқасы мына жерден алынған", - деді ведомство өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163604-zhanuardy-itter-talagan-iim-qazaqsha-dybystalgan-dauly-videoga-tusinikteme-berdi/