Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы кеніште жұмысшы қаза тапты

Жарияланған күні:

Кеніш
Кеншілер. Көрнекі фото: Shiraaz Mohamed/AFP/Getty Images

Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы KAZ Minerals Тобы Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Оқиға 2024 жылғы 19 қыркүйекте болған.

"Шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты", - делінген хабарда.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды.

"KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163661-abai-oblysyndagy-kenishte-zhumysshy-qaza-tapty/