Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 17 адам өрттен құтқарылды (видео)

Жарияланған күні:

Құтқарылған адамдар
Құтқарылған адамдар. Фото: ТЖМ

Қарағандыда Ермекова көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, 17 адам құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 19 қыркүйекте Қарағандыда А.Ермеков көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен қоқыстар өртенді.

ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында жанған заттардан тұншықпау үшін құтқару қалпақтарының көмегімен 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылған.

Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында 2011 жылы туған зардап шеккен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Алматыда Ақсай-4 шағынауданында орналасқан "Арыстан" базарында контейнер өртенген болатын.

Сонымен қатар Алматыда Әуезов ауданындағы жеке тұрғын үйдегі 120 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163801-qaragandyda-17-adam-ortten-qutqaryldy-video/