Абай облысында әскери қызметші өлі табылды
Жарияланған күні:
Абай облысында пәтерден бір әскери бөлімнің әскери қызметкерінің денесі табылды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Аягөз гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Осы жылдың 19 қыркүйегінде Аягөз гарнизонының бір әскери бөлімінің офицері қызметтік міндеттерінен тыс уақытта өз үйінде өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, офицер суицид жасаған. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2163880-abai-oblysynda-askeri-qyzmetshi-oli-tabyldy/