Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолаушы мен жүргізушіні соққыға жықты": желіде Алматыда автобуста болған төбелестің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Автобустағы төбелес
Автобустағы төбелес. Видеодан кадр: instagram: almaty.suntimes

19 қыркүйек Алматыда автобустардың бірінде төбелес болды. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Полиция өкілдері болған жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы almaty.suntimes парақшасында жарияланды.

Автордың айтуынша, үш ер адам жолаушыға тап беріп, оны ұра бастаған. Осы кезде автобус жүргізушісі көлікті тоқтатып, ер адамдарды тыныштандыруға тырысқан.

Алайда, автордың сөзінше, жүргізушіні ұрып, кейін қылғындырып, сыртқа сүйреп шығарған.

"Басынан тепті, жүргізуші есінен танып қалды. Осыдан кейін олар қашып кетті. Ал жүргізуші есін жиып, бетін жуып, жұмысына кірісті", - делінген жазбада.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Жетісу аудандық полиция басқармасы өкілдері осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Төбелескендер мен алдын ала мән-жайлар анықталған. Полицейлер олардың әрқайсының әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты.

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер мен қатыгез әрекеттер бар!

Еске салсақ, былтыр автобустағы төбелес қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған еді. 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласында бақылаудан шыққан автобус адамдарға соғылған. Кейінірек полицейлер жолаушының бірі әйел жүргізушіні ұрғанын, содан кейін оның есінен танып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлады. Салдарынан автобус аялдамада тұрған адамдарға соғылған.

Жол апатынан үш адам қаза тапты, олардың екеуі төрт баланы тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты болған. Жүргізушіні ұрған жолаушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жақында желіде жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы тағы бір төбелестің видеосы пайда болды. Жолаушының терезені сындырғаны хабарланды. Құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164089-zholaushy-men-zhurgizushini-soqqyga-zhyqty-zhelide-almatyda-avtobusta-bolgan-tobelesting-videosy-zhariialandy/