Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 10 көлік бір-біріне соғылды (видео)

Жарияланған күні:

Алматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты. Видеодан кадр: Kris.p.media

20 қыркүйекте Алматыда ірі жол апаты болды. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Полиция өкілдерінің мәліметінше, 10 көлік бір-біріне соғылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы Kris.p.media арнасында жарияланды. Кадрдан бірнеше зақымдалған көлікті байқауға болады.

Алматы қаласының полиция департаменті өкілдері жағдайға түсінік берді.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында 10 көлік жол апатына түскен.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, бірнеше көлікпен соқтығысқан.

Зардап шеккендердің саны мен оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте Алматыда тағы бір ірі жол апаты болды. Сайын көшесіндегі тоннельде жеті көлік соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта полицейлер апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164132-almatyda-10-kolik-bir-birine-sogyldy-video/