Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да науқас ауруханадағы лифт шахтасына құлап кеткен

Жарияланған күні:

Лифт
Ғимарат ішіндегі лифт. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында операцияға дайындалып жатқан науқас лифт шахтасына құлап кетті. Бұл оқиғаға қатысты медициналық мекеме өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды "Мой город".

Басылым мәліметінше, 59 жастағы ер адам 16 қыркүйекте ауруханаға жатқызылған, оның аяғындағы саусағын ампутациялау жоспарланған. Алайда 18 қыркүйекте ер адам лифт шахтасына құлап, оның жағдайы нашарлап, кейін Оралдағы көпсалалы ауруханаға ауыстырылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр.

Зардап шеккен адамның туыстарының айтуынша, сол кеште ол басқа науқастармен бірге темекі шегуге түскен, палатаға қайту үшін лифтпен көтерілуді ұйғарған.

"Лифт есігін ашып, құзға қадам басқан. Ол шахтаға құлап кеткен. Ішінде қараңғы болған. Алдымен есінен танып қалған, содан кейін көмек шақырған. О шығарылды, тірі қалды – бұл нағыз ғажап. Оқиғадан кейін оған дереу ауырсынуды басатын дәрі беріп, формадағы адам оған ауруханаға ешқандай шағымы жоқ екенін растайтын қағазды қол қойдыртпақ болды. Қалайша? Ол шок күйінде болды ғой", - деп бөлісті зардап шеккен адамның туысы.

Одан кейін онауқас жедел жәрдеммен Оралдағы ауруханаға жеткізген. Тексеру нәтижесінде ол лифт шахтасына құлағаннан кейін ауыр жарақаттар алғаны анықталған. Екі аяғы мен қолы сынған. Басынан жарақат алған.

"Бұл аудандық ауруханада науқастар тап болған бірінші жағдай жағдай емес. Ауруханаға науқастардың туыстары да келеді. Лифт шахтасына кез келген адам құлап кетуі мүмкін еді. Бір ауруымен келіп еді, енді ұзақ уақытқа созылатын оңалту қажет болады. Оның үстіне, ол үшінші топтағы мүгедек", - деп атап өтті туыстары.

Зардап шеккен адамның туыстары сотқа жүгініп, осы салғырттыққа кінәлілерді жауапқа тартуды көздеп отыр.

Сонымен қатар Бәйтерек ауданындағы екінші аурухананың директоры Ғабитжан Ислямов оқиғаға түсініктеме берді.

"Оқиға кешкі уақытта болған. Науқас ұйқыға жатар алдында темекі шегуге шыққысы келген. Медбикелер оған рұқсат бермеген, бірақ ол басқа науқастармен бірге сыртқа шыққан. Қайтар жолда ол жүк лифтімен үшінші қабатқа көтерілмек болған, ал бұл лифт науқастарға арналмаған. Біз бейнебақылау камераларын қарадық, ол бұған дейін ұлымен бірге жүк лифтімен көтерілгені анықталды.

Лифтте бұл жүк тасымалдауға арналған деген тақтайшалар бар, бірақ адамдар оған назар аудармаған. Ол шахтаға құлағаннан кейін бірден көмек көрсетілді және жедел топ шақырылды. Ер адам бізге шағымы жоқ екенін айтты", - деп хабарлады аурухана директоры.

Директор қайтсе де тиісті шаралар қабылданып, неге аурухана қызметкерлері оны темекі шегуге жібергенін анықтайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164170-bqo-da-nauqas-auruhana-liftining-shahtasyna-qulap-ketken/