Қазақстанның оңтүстігінде колониядағы тұтқындар бүлік шығарды
Жарияланған күні:
Түркістан облысындағы колонияда тұтқындар тәртіп сақшыларына қарсы бүлік шығарды. Екі әскери қызметкер мен полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, сотталғандардың кейбірі қамау режимімен келіспегендіктен бағынбаған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 428-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
"Мекемеге Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Ұлттық ұланның жеке құрамы келді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды.
Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бір қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлайды ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164228-qazaqstannyng-ongtustiginde-koloniiadagy-tutqyndar-bulik-shygardy/