Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да келіншек гаражда босанып, жаңа туған нәрестесін қалдырып кеткен

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында 25 жастағы келіншек гаражда баласын босанып, тастап кеткен. Ана мен бала ауруханаға жатқызылды, полицейлер барлық мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы полициясының баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне 25 жастағы келіншектің Ғ.Мүсірепов атындағы орталық аудандық ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша әйелдің гаражда босанғаны анықталды. Оған қауіп төндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексеріс жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - делінген хабарламада Бұл туралы Солтүстік Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нәрестенің жағдайына байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан да түсініктеме сұрадық.

"Қазіргі уақытта әйел аудандық ауруханада, жағдайы қанағаттанарлық. Сәби перинаталды орталықта. Баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау мекемесінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164246-sqo-da-kelinshek-garazhda-bosanyp-zhanga-tugan-narestesin-qaldyryp-ketken/