"Оқ атылған": Алматыда барға келушілер арасында жанжал шықты (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда барға келушілер арасында жанжал шықты. Куәгерлердің айтуынша, оқ атылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД сілтеме жасап.
Telegram-дағы "Мой Алматы" арнасында қаладағы барлардың бірінде азаматтар арасында атыс болғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Куәгерлердің сөзінше, арты атысқа ұласқан жанжал шыққан", - деп жазады авторлар.
Алматы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне болған жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімеет бойынша жанжал бейтаныс адамдар арасында туындаған", - деп хабарлады ПД.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164404-oq-atylgan-almatyda-barga-kelushiler-arasynda-zhanzhal-shyqty-video/