Қостанайда науқасқа келген дәрігерлердің көлігін ұрлап кеткен (видео)
Жарияланған күні:
Қостанайда полицейлер науқасқа келген медицина қызметкерлерінің көлігін айдап әкеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 қыркүйекке қараған түні тұрғын үй шағын ауданындағы үйдің ауласынан ұрланған көлік туралы келіп түскен хабарлама бойынша полицейлер қалада "ұстап алу" жоспарын енгізді.
Ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камераларының көмегімен табылып, Қостанай қаласының орталығында ұсталды.
"Тергеу барысында полицейлер 39 жастағы жергілікті тұрғынның жеке медициналық клиникалардың бірінің көлігін заңсыз иемденіп алғанын анықтады, оның жұмысшылары науқастың шақыртуымен келген.
Ұстау кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты, алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартты", - деді Қостанай облысы полиция департаменті.
Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алып, сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Қазір полицейлер көлік ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164893-qostanaida-nauqasqa-kelgen-darigerlerding-koligin-urlap-ketken-video/