Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында жаппай төбелес болды

Жарияланған күні:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті. Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жаппай төбелес болды. Полиция департаменті өкілдері 20 шақты жас ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тиісті ақпарат Telegram-дағы Halyqstan арнасында пайда болды.

"Алматыдағы ҚазҰУ-да жаппай төбелес болды", - деп жазылды арнада

Оқиғаға қатысты ПД өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірілді.

"Бостандық аудандық полиция бөлімі 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, оқиғаның барлық қатысушыcы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобустардың бірінде төбелес болған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Полиция өкілдері болған жайтқа пікір білдірді.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Жетісу аудандық полиция басқармасы өкілдері осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Төбелескендер мен алдын ала мән-жайлар анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2165382-almatydagy-al-farabi-atyndagy-qazuu-aumagynda-zhappai-tobeles-boldy/