Астананың орталығындағы құрылыс алаңында битум өртенді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Астанада құрылыс нысандарының бірінде битум өртенді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, елордалық құтқарушылар Есіл ауданындағы Ұлы дала даңғылы мен Әл-Фараби көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінде шыққан өртті сөндірді – құрылыс алаңында битум өртенген.
Қазіргі уақытта 10 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері нақтыланған ақпарат бойынша жаңадан салынып жатқан нысанның аумағында іргетас жылытқыш пен битум жанған.
Өрт кезінде не істеу керек
ТЖМ мәліметінше, Жанудың алғашқы белгілерін жəне түтіннің иісі кезінде 101 теру арқылы өрт сөндіру қызметін немесе 112 теру арқылы құтқару қызметін шақырыңыз.
- Аузыңыз бен мұрныңызды кез-келген, мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз;
- Жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- Артық оттегінің кіруіне жол бермеу үшін терезелерді ұрмаңыз;
- Тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) жəне қосылып тұрған электр аспаптарын сумен сөндірмеңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2166006-astananyng-ortalygyndagy-qurylys-alangynda-bitum-ortendi-video/