Алматыда көшедегі әжетхана мен аспалы кран өртеніп кетті
Жарияланған күні:
Алматыда көшедегі әжетхана мен аспалы кран өртеніп кетті. Оқиға 27 қыркүйекте болған. Алғашында әжетхана өртеніп, кейін кран да өрт ошағында қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге cілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сенсек, өрт Жетісу ауданында Қ. Қазыбаев көшесінде болған.
"Жетісу ауданы, К.Қазыбаев көшесі бойында көше дәретханасы жанып, өрт жақын жерде жиналып тұрған құрылыс материалдарына және жұмыс істемейтін мұнара кранының кабинасына көшкен.
Өрт жалпы ауданы 10 шаршы метр алаңда толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.
Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрге жеткен. Қазір өрт сөндірілді. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2167015-almatyda-koshedegi-azhethana-men-aspaly-kran-ortenip-ketti/