Түркістан облысында Тоқаев кортежі жүретін жолда жасырылған атыс қаруы табылды
Жарияланған күні:
Түркістан облысындағы мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК, МКҰ қызметкерлері бірлесіп атыс қаруы жасырылғанын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
"Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2167017-turkistan-oblysynda-toqaev-kortezhi-zhuretin-zholda-zhasyrylgan-atys-qaruy-tabyldy/