Әйнек пен есікті сындырған: Астанада бұзақылар жазаланды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Астанада "Тоқта, вандал" науқаны аясында бөтеннің мүлкіне зиян келтірген екі тәртіп бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Елордалық полицейлер вандализммен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Өзге біреудің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
22 қыркүйек күні кешкі сағат 7-де 34 жастағы азаматша Жансүгіров көшесі, 12 мекенжайында орналасқан үйдің терезесін сындырып, 36 145 теңге шығын келтірді. Мұндай жағдай бірнеше күннен кейін Мұхамедханов көшесі, 12 мекенжайында болды. 39 жастағы ер адам пәтердің алдыңғы есігін әдейі бұзған.
Тәртіп бұзған екі адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2167063-ainek-pen-esikti-syndyrgan-astanada-buzaqylar-zhazalandy-foto-video/