Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар есінен танған: СҚО-дағы мектепте мұғалімдер бұрыш баллонын шашқан

Жарияланған күні:

Бұрыш баллоны
Бұрыш баллоны. Фото: boets-shop.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектепте мұғалімдер бұрыш баллонын шашып тастаған. Салдарынан үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 27 қыркүйекте полицияға Талшық аудан орталығындағы мектепте оқушылардың есінен танып жатқаны және бөлмеден ерекше иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Келген жедел-тергеу тобының мүшелері мен учаскелік полиция инспекторы оқушыларды, техникалық қызметкерлер мен мұғалімдерді ғимараттан эвакуациялады, содан кейін олар ғимаратты тексеруге кірісті.

"Тергеу барысында осы мектептің екі мұғалімі бұрыш спрейін тексеріп жатқаны анықталды, содан кейін олардың бірі білместікпен баллонды шашып, нәтижесінде ішіндегісі бөлменің ауасына тарап кеткен", – деді полиция.

Оқиға салдарынан 11 және 9 жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2167135-balalar-esinen-tangan-sqo-dagy-mektepte-mugalimder-burysh-ballonyn-shashqan/