"Төрт адам зардап шекті": Жамбыл облысында мейрамханадан өрт шығып, 250 адам эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:
29 қыркүйек кешке Жамбыл облысының Б.Момышұлы ауылында мейрамхана өртенді. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтер бойынша, екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-қабаттың шағын залына көшкен.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылған.
Өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, Төтенше жағдайлар департаменті психологтары және 12 техника жұмылдырылды.
Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, иіс тиген үш адам дәрігерлердің бақылауына алынған.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2167417-zhambyl-oblysynda-meiramhanadan-ort-shyqty-tort-adam-zardap-shegip-250-adam-evakuatsiialandy-video/