Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам жолдағы жанжал кезінде көлікке тапаншадан оқ атқан (видео)

Жарияланған күні:

Көлік жүргізушісі оқ атты
Көлік жүргізушісі оқ атты. Видеодан кадр: web.telegram.org/almaty_my

Алматыда жүргізуші жолда көлікке тапаншадан оқ атқан. Ер адамның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Полиция өкілдері күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқ атылған сәттің кадрлары Telegram-дағы "Мой Алматы - Новости города" арнасында жарияланды. Автордың мәлімдеуінше, оқиға 22 қыркүйекте Бөкейханов көшесінде болған.

Кадрлардан Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі сол жақтан өтіп бара жатқан кроссоверге оқ атқаны анық көрінеді.

NUR.KZ тілшісіне қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жолдағы жанжал кезінде сигналдық тапаншаны қолданған. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады полицейлер.

Қазір істің басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2168307-almatyda-er-adam-zholdagy-zhanzhal-kezinde-kolikke-tapanshadan-oq-atqan-video/