Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да өрт сөндірушілер 10 адамды құтқарды: баланы эвакуациялау сәті видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер мен құтқарылған бала
Өрт сөндірушілер мен құтқарылған бала. Фото: t.me/МЧС РК

Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі 10 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Усть-Таловка кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде 3-қабаттағы пәтерде өрт шықты.

"Төтенше жағдайлар департаменті күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен 10 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Өрт 6 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2168343-shqo-da-ort-sondirushiler-10-adamdy-qutqardy-balany-evakuatsiialau-sati-videoga-tusip-qaldy/