Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында баласын өлтірді деген күдікпен әйел қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдікті әйел
Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Алматы облысының Боралдай ауылында әйел мүгедек баласын ұрып өлтірді деген ақпарат тарады. Бұл жайтқа облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облыстық соты екі кішкентай қызын өлтірген әйелге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырып 20 жылға сотталған болатын. Сотталушының кінәсі сот зерттеген дәлелдемелер жиынтығымен, оның ішінде оқиға болған жерді қарау, айғақтарды оқиға орнында тексеру хаттамаларымен, куәгер мен сарапшылардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және сараптама қорытындыларымен расталды

Сондай-ақ осы жылдың жазында екі баласын өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты Түркістан облыстық сотында сот процесі аяқталып, үкім шықты. Әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2169297-almaty-oblysynda-balasyn-oltirdi-degen-kudikpen-aiel-qamauga-alyndy/