Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда автобус аударылып қалды

Жарияланған күні:

Аударылған автобус
Аударылған автобус. Видеодан кадр: instagram.com/zhanaozen_online

Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен тасжолында автобус аударылды. Оқиға орнында түсірілген кадрлар желіде тарады. Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар желіде пайда болды. Кадрларда автобустың жолдан шығып, жол жиегіне қалай ұшып, аударылып қалғаны бейнеленген.

Жол-көлік оқиғасына қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, жол апаты 2 қазан күні Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен тасжолында болған.

"Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзу фактісі бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Еске салсақ, Екібастұзда көмір кенішінде 24 жұмысшы мінген автобус аударылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2169322-manggystauda-avtobus-audarylyp-qaldy/