Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 18 жастағы жігіт ашық тұрған құдыққа құлап кетті

Жарияланған күні:

құдық
Құдық. Көрнекі фото: facebook.com/zhyloisu

Желіде Астанада ашық тұрған құдыққа жас жігіттің құлап кеткені туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы astana_brothers желісінде жарияланды. Кадр сыртындағы әйелдің дауысы Астанадағы №2 қалалық аурухананың жанында ашық құдық бар екенін және оған бала құлап кеткенін айтады.

"Сағат 21:00-де құтқарушылар шақырылды. Олар дәл 22 минуттан кейін жетті. Одан кейін полиция мен әкімдіктен бір адам келді. Шара қабылдауыңызды сұраймыз. Полицияға арыз жазылды", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар оқиға орнына қоңыраудан кейін 14 минут өткен соң жеткенін NUR.KZ тілшісіне Астана Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі хабарлады.

"Елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Рысқұлов көшесінде жасөспірім құдыққа құлағаны туралы келіп түскен хабарлама бойынша жолға шықты. Құтқарушылар келгеннен кейін 14 минуттан соң 2006 жылы туған жас жігіттің өз бетінше құдықтан шығып кеткені белгілі болды", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, Кеген ауданында құдықтан үш адамның денесі табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2169445-astanada-18-zhastagy-zhigit-ashyq-turgan-qudyqqa-qulap-ketti/