Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да әкімдік қызметкері жол-көлік оқиғасына ұшыраған: істің жай-жапсары

Жарияланған күні:

Жол-көлік оқиғасы
Жол-көлік оқиғасы. Фото: depositphotos

Орал қаласында кроссовер бағдаршамда тұрған Mercedes көлігіне соғылып, ол екі басқа автокөлікке соқтығысты. Өңірлік полиция өкілдерінің хабарына қарағанда, Volkswagen Tiguan жүргізушісі алкогольдік масаң күйде болған, деп хабарлайды "Мой город".

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, медициналық тексеріс нәтижесінде Volkswagen Tiguan жүргізушісі орташа деңгейдегі алкогольдік масаң күйде болған.

"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша жол-көлік оқиғасына қатысты материалдар сотқа жіберіледі", - деп хабарлады БҚО ПД өкілдері.

Басылым тілшілерінің хабарына сенсек, жолданған сауалда жүргізушінің оқиғадан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған-қамалмағаны туралы сұраққа жауап берілмеген.

"Сот қандай шешім қабылдайды, солай болады, әзірге сот болған жоқ", - деп қосты кейінірек полиция қызметкерлері.

Бұған дейін Орал қаласындағы жаппай жол апатын БҚО әкімдігі аппаратының қызметкері жасаған деген күдік бар екені белгілі болған. Жол-көлік оқиғасы 1 қазанда сағат 00:10-да Тәуелсіздік пен Правдухина көшелерінің қиылысында болған.

БҚО ПД өкілдерінің мәліметінше, 44 жастағы Volkswagen Tiguan жүргізушісі бағдаршамда тұрған Mercedes көлігіне соғылған. Соның салдарынан Mercedes көлігі "ВАЗ" және Skoda Rapid автокөліктерімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 18 жастағы қыз бен 37 жастағы ер адам зардап шеккен.

БҚО әкімінің аппаратының басшысы Нұрділда Ораз ер адам шынымен де әкімдік аппаратында бөлім басшысы қызметін атқаратынын растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2170158-bqo-da-akimdik-qyzmetkeri-zhol-kolik-oqigasyna-ushyragan-isting-zhai-zhapsary/