Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте FlyArystan ұшағы апат жағдайында қонды: жолаушылар кешіккен рейске наразы

Жарияланған күні:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент-Астана бағыты бойынша кешкі сағат 17:00 шамасында көкке көтерілмек болған FlyArystan ұшағы қайта жерге қонды. Портал тілшісіне осылай деп хабарласқан жолаушылардың бірі содан бері екі жүзге жуық азамат әуежайда рейс күтіп жүргенін айтады.

Компания ұшағы кеше түскі 15:00-де жолға шығуы керек болған. Алайда уақыт 20 минуттан кейінге шегеріліп, жолаушыларды ұшаққа сағат 17:00-де бір-ақ отырғызыпты. Содан әуе кемесінің дөңгелегі жылжығанымен, көкке көтеріле алмай, жерге қонды дейді жолаушылар.

"Әуежайда екі сағат күтіп, жүйкеміз жұқарып, енді ғана межелі жерге жетеміз бе дегенде ұшақ апатты деп қайта қондық. Гүрілдеген дауыстан есіміз шығып кете жаздады. Аман қалғанымызға шүкір. Бірақ компания уақытымызды алғанымен қоймай, ақшаны да қайтаратын түрі жоқ. Мәселені шешуге ұмтылып жатқанын байқамадық. Ең болмаса жолға шыққан басқа ұшақтарға отырғызып жіберсе болады ғой?" - дейді Айгүл Мырзабева.

Кешкі 17:00-де жолынан қалған жолаушылар әуежай ішінде түнегенін айтады. Бірақ бір түн өтсе де компания өкілдері екі жүздей адамның мәселесін сол күйі шешпеді дейді жолаушылар.

"Арада бір түн өтті. Таңертең жолымыздан қалдырмай, рейстердің біріне қамдай ма десек, ол да жоқ. Әуе кемесінің бір құрылғысы істен шығып, соны шет елден күтіп отырғандарын айтады. Сонда ол он күннен кейін келсе соған дейін әуежайда жүреміз бе?! Мұнда қариялар мен бүлдіршіндер бар. Шетелдік қонақтар да жүр арамызда. Ел атына сын емес пе?" - дейді жолаушы.

Компания өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне рейстің бүгін, 5 қазанда 16:50-де ұшатынын мәлімдеген. Оған дейін жолынан қалған жұртқа күтуден басқа амал жоқ.

“Техникалық себепке байланысты ұшақ рейісі кейнге қалды. 5 қазанда кешкі 16:50-де Шымкент-Астана бағыты бойынша жолынан қалған жолаушыларды жөнелтеміз. Осы аралықта оларға билет құнын қайтару, қонақүй және тегін тамақ көмегі ұйымдастырылды”, - дейді әуе компаниясының өкілі.

Автор: Назерке Еркінбекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2170182-shymkentte-flyarystan-ushagy-apat-zhagdaiynda-qondy-zholaushylar-keshikken-reiske-narazy/