Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт адам зардап шекті: Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру көлігі
Өрт сөндіру көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Өрт сөндірушілер Қазақстанның екі облысында құрғақ шөптің жануын сөндіруде. Өрт салдарынан төрт адам зардап шеккен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, өрт орнына орман шаруашылығының, Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді.

"Шақыру орнына келген кезде алдын ала 40 гектар алқапта жану байқалды. Өртті сөндіру барысында өңірдің ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы құралымның бір қызметкері күйік алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Кейін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағында өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғынды Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жеңіл күйік алған. Күндіз дала өрті Павлодар облысының шекарасынан "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" ормансыз аумағына көшті", - делінген хабарламада.

Өрт орнына "Қазавиақұтқару" тікұшақтары барды. Тікұшақ құрылғысына суды Шалқаркөл көлінен қармап алып, сағат 17:00 жағдай бойынша өрт ошақтарына 6 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді.

Сондай-ақ аэровизуалды барлау барысында Желтау кентінің тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қауіпсіз жерге 18 адам, оның 8 бала эвакуацияланды.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Командалық орталығында штаб жұмыс істеуде. Төтенше жағдайлар вице-министр Еран Нұрпейісов өрт орнында. Қарағанды облысының әкімі де оқиға орнына барды. Құтқарушылар тобы қосымша күштер мен құралдармен толықтырылды.

Қарағанды және Павлодар облыстарынан ТЖД, ЖАО, ЭТРМ күштері жұмылдырылды: жеке құрамнан 183 адам, 56 бірлік техника және 4 тікұшақ. Өрттің алдын ала ауданы 3000 гектардан асты. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда", - делінген хабарламада.

Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Төтенше жағдайды жою штабында 8 721 2 51 72 23 жедел желі телефоны жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2170602-tort-adam-zardap-shekti-qaragandy-oblysynda-40-gektar-zherde-iri-ort-shyqty/